Дана - тарихи, танымдық тәрбиелік бағыттағы білім, ғылым, өнерді насихаттайтын тұңғыш батысқазақстандық журнал | DANAkaz
- Кілтсөздер: Дана - тарихи, танымдық тәрбиелік бағыттағы білім, ғылым, өнерді насихаттайтын тұңғыш батысқазақстандық журнал | DANAkaz
- Description: Дана - тарихи, танымдық тәрбиелік бағыттағы білім, ғылым, өнерді насихаттайтын тұңғыш батысқазақстандық журнал | DANAkaz
- Сервер ақпараты: HTTP/1.1 200 OK Date: Sat, 25 Feb 2017 10:34:32 GMT Server: Apache X-Powered-By: PHP/5.3.3 X-Drupal-Cache: HIT Etag: "1488011506-0" Content-Language: ru X-Generator: Drupal 7 (http://drupal.org) Cache-Control: public, max-age=1800 Expires: Sun, 19 Nov 1978 05:00:00 GMT Vary: Cookie,Accept-Encoding X-SERVER: 2538 Last-Modified: Sat, 25 Feb 2017 08:31:46 GMT Connection: close Content-Type: text/html; charset=utf-8
- Ашылу уақыты (sec): 0.168644
- Мазмұны: БАЙЛАНЫС ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІ ЖУРНАЛҒА ТАПСЫРЫС МҰРАҒАТ ТАРИХ ҚОНАҚ КІТАБЫ Ноғайлының елінде9-13-беттер Ноғайлының елінде9-13-беттер Ноғайлының елінде9-13-беттер Құрметті оқырман! Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз. Еуропадан хабар вт, 20/12/2016 - 16:13 Еуропадан хабар Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ, «DANAkaz» журналының Варшавадағы тілшісі «Жібек жолын жаңадан саламыз!» Арыстанбек Орынбасаровтың есімі «DANAkaz» журналы оқырмандарына жақсы таныс. Польшаның Вистула университетінде білім алған жас талап бүгінде Варшавадағы Леон Козмински атындағы университеттің магистратурасында оқиды. Бұйырса қаржы саласын терең игеріп, инвестициялар бойынша маман болып шықпақ. Оқуға қоса, Арыстанбек еңбек етеді. Жұмыс орны – институциялық инвесторларға қызмет көрсететін Еуропаның ең ірі француз банкінің Варшавадағы бөлімшесі. Қат-қабат шаруасына қарамастан журналымыздың Польшадағы тілшісі қызметін атқарып жүрген бауырымыздың төмендегі мақаласына көз салайық. DK XX-ғасырдың басындағы қиындықтардың арасында жүріп білім алуға ұмтылған қазақ жастары көбіне Орал, Семей, Верный және Ташкент сияқты заманындағы ірі қалаларда орналасқан гимназияларда оқыған. Ол білім ордаларында латын, грек, неміс, француз және орыс тілдерімен қатар физика, логика, география пәндерін де үйренетін. Әрине, бұл мектептерде тәлім алған шәкірттердің көбі әл-ауқаты бар бай-шонжардың, армия офицерлерінің әрі өнеркәсіп иелерінің балалары болған. Барлыбек Сыртnанов, Сәрсен Аманжолов, Мұхаметжан Тынышбаев, Жұбаныш Бәрібаев, Ораз Жандосов тәрізді есімі елімізге белгілі азаматтар осыylq гимназия түлектері еді. Кейін алыс-жақын ірі қалалардағы институттарда оқуын жалғастырған қазақтың болашақ зиялылары Польшаның астанасы Варшавада да болған екен. Демек, Польша жеріне білім алу мақсатымен қазақ жастарының келуі еліміз Егемендік алғанынан кейін ғана емес, сонау XX ғасырдың басында басталып кеткен құбылыс. 1910-1920 жылдары Варшавада оқып кеткен зиялылардың арасында есімдері ел аузына аса танылмай қалған Қанай Боранбаев, Әбілмәжін Күшіковтер де болған. Қанай Боранбаев кейіннен ҚАССР-інің Әділет (Юстиция) халық комиссары – республика прокуроры лауазымында болған; сот, прокуратура органдарының қалыптасуына, кадрларды тәрбиелеуде зор үлес қосқан.[1] Ал Әбілмәжін Күшіковке келетін болсақ, ол ауыл шаруашылығы саласында өзінің зор үлесін қосқан маман болған. ҚАССР-інің Юстиция халық комиссары - республика прокуроры ҚанайБоранбаевтуралыдерек”, ЕгеменҚазақстангазеті, 28-05-2012 Бөлісу: Толығырақ о Еуропадан хабар Войдите, чтобы оставлять комментарии Мөр вт, 20/12/2016 - 16:09 Мөр Есенгелді байдың мөрі Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAkaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға әйгілі бай, старшын, сардар Есенгелді Жанмырзаұлы «мөрін басты». Есенгелді Жанмырзаұлы (1741-1834) — ел аузында 12 екі мың жылқы айдаған байлығымен әрі баласы Бекейді өлтірген қатыгездігімен қалған тұлға. Тегі — Он екі ата Байұлына жататын тана руының Асан атасынан. Бейіті қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылының маңында жатыр. Есенгелді Жанмырзаұлы туралы «DANAkaz» журналы 2013 жылғы №10, 2014 жылғы №6-7, 2015 жылғы №1-2, 4, 5, 6-7, 8 сандарында егжей-тегжейлі жазылған болатын. Біздің тұрақты авторымыз, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин Орынбор мемлекеттік мұрағаты материалдарының негізінде тарихи тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық қызметіне барынша толық шолу жасаған еді. Есенгелді бай 1781 жылдан бастап ел басқару қызметіне араласқан. Әуелі тана руының қатардағы старшындарының бірі болады, Есім ханды, Бөкей ханды сайлауға қатысады. 1795 жылы Бөкей хан Нұралыұлының ұсынысымен Есенгелдіге «тархан» атағы беріледі. Әр жылдары Есенгелді Орынбор Ерекше комиссиясының мүшесі, Жайық бойындағы №4 дистанция бастығы секілді лауазымды қызметтерді атқарған. Мөрдегі жазу: «Старшин Есенгелді бин Жанмырза» Бөлісу: Толығырақ о Мөр Войдите, чтобы оставлять комментарии Өлкетану вт, 20/12/2016 - 15:55 Өлкетану Жайық қалашығының орны мұражай бола ма? Мұхтар ӨТЕС, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қор сақтаушысы Мәдени мұраларды зерттеу және қорғау – Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму барысындағы бірден-бір басым бағыт. Мәдени мұра – рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталдың құндылығы. Оны жан-жақты зерттеу, насихаттау, антропогендік, техногендік араласу және табиғи күйзеліс салдарынан қауіп-қатерге ұшыратпау – маңызды ғылыми мәселелердің бірі. Батыс Қазақстан облысы аумағында табылған барлық ескерткіштердің сақталуы, сонымен қатар белгілі ескерткіштерден мұражай қорықтар немесе археологиялық саябақтардан мұражай кешен құру мәселесі әрқашан мамандардың назарында тұр. Бүгінгі әңгіме – Ақ Жайық өңіріндегі аса маңызды археологиялық ескерткіш – ортағасырлық Жайық қаласы туралы болмақ. Жайық қаласы XIII-XIV ғасырларға даталанған, қазба жұмыстары барысында шығыс моншасы – хамам, кірпіш күйдіргіш пеш, 3 тұрғын мекені, 2 кесене және басқа да құрылыстар табылған. Жайық қалашығы - ортағасырлық ескерткіштердің тек біреуі ғана. Аймақта қоныстар мен қалалардың кең таралуы Алтын Орда кезеңімен, сонымен қатар Өзбек, Жәнібек хандарының қала құрылысы қызметімен байланысты. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысы аумағында БҚО тарих және археология орталығы археологтарының жұмысының нәтижесінде 4 қала қонысы табылған. Бөлісу: Толығырақ о Өлкетану Войдите, чтобы оставлять комментарии 1916 вт, 20/12/2016 - 15:48 1916 Махамбет рухының көрінісі Аққали АХМЕТ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекет университеті Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толды. Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың мұрағат құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Қазақ елінің тарихында отарлау заманында азаттық үшін 300-ден астам көтеріліс ұлы дала төсін шарпыған екен. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде азаттық қозғалысы барысында халқымыздың ұлттық мемлекеттік идеясы төңірегінде топтастыру формалары мен әдістері, осы жолда ұланғайыр қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу еліміздің ішкі, сыртқы саясатына толықтай сай келеді. Бөлісу: Толығырақ о 1916 Войдите, чтобы оставлять комментарии Мәдениет вт, 20/12/2016 - 15:45 Мәдениет Көші түзу көне кітапхана Нұрлыгүл Аяпқызы, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі, Орал қаласы Кітапхана адамның қажетті ілім мен ғылымды игеріп, қалыптасуына мүмкіндік беретін, ештеңемен айырбастауға болмайтын, телегей-теңіз, шалқар қазына ғой. Ақпараттық қоғамның қалыптасуына байланысты болып жатқан қуатты мәдени өзгерістер біздің өміріміздегі кітапхананың алар орыны мен маңызын қайта қарап, жаңаша ойластыруға итермелейді. Әрине бүгінгі кітапхана – мыңдаған кітаптан қайысып тұрған сөрелер жиынтығы емес, ол сонымен қатар заманның талабына сай әр түрлі электрондық ресурстардан да тұрады. Кітапхана қоры – ғылым мен өндірістің, саясат пен экономиканың, мәдениет пен білімнің бойына өмірлік нәр беретін өміріміздің құрамдас бөлігі. Бүгінде Батыс Қазақстан облыс кітапханалары өз оқырмандарына білім бұлағынан емін-еркін сусындауға барлық жағынан керемет техникалық мүмкіндік беріп отыр. Батыс Қазақстан облысында еліміздің ақпараттық қорының үлкен жиынтығын иеленген мемлекеттік жүйеге қарасты 396 кітапхана жұмыс істейді. Бұлар біздің шын мәніндегі баға жетпес мәдени байлығымыз, ұлттық қазынамыз. Қазіргі кезде облыс кітапханаларының кітап қорын толықтыру жағдайы елеулі өзгерістерге ұшырады. Біз соңғы 5 жылды салыстырмалы талдау барысында жыл сайынғы облыс кітапханаларының кітап қоры, соның ішінде қазақ тіліндегі кітап қоры өсіп келе жатқанын байқаймыз. Бөлісу: Толығырақ о Мәдениет Войдите, чтобы оставлять комментарии Жолсапар вт, 20/12/2016 - 15:40 Жолсапар Жаңылсын Аманқұлқызы, БҚМУ 4-курс студенті Америка әсерлері Адам әрбір күнін, әрбір сағатын мақсатсыз өткізбеуі керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін, әсіресе жастар, бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің іссіз, мазмұнсыз бос болмауын қадағалау керек. «Уақыт бар ғой» деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Мен үш жыл уақытымның зая кеткеніне әлі де өкінемін. Сондықтан да айтарым «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ағылшын тілін үйренуге кеңес беремін. Себебі, қазіргі дамыған заманда шет елге шығу үшін тіл керек, магистратура оқу үшін де тіл керек, беделді жерге жұмысқа тұру үшін де ағылшын тілін талап етеді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде «Work and travel» атты бағдарламаны естіген едім. Қызықтым. Армандадым. Бірақ мақсат қоймадым, мүмкін желкенің қыры жібермеген шығар. Әбден үшінші курсқа келгенде ғана баруға шешім қабылдадым. Бұл ойыма үйдегілер де түсіністікпен қарады. Айта кетейін, бұл бағдарламаға қатысу үшін жалпы ағылшын тілін түсініп, диалог құрып сөйлесе білуің керек. Ешқандай да тестті, я болмаса деңгейді қажет етпейді. Мен 2015 жылы қыркүйек айынан сәуір айына дейін Орал қаласында ағылшын курсын оқыдым. Ол үшін өкінбеймін, өйткені көп нәрсе үйрендім. Бірақ, АҚШ елшілігі қызметкерімен сұхбат кезінде бағы жанып, ешқандай курссыз-ақ виза алғандарды кездестірдім. Иә, бақ шаба ма, әлде бап шаба ма деген осы. Бөлісу: Толығырақ о Жолсапар Войдите, чтобы оставлять комментарии Жаңа кітап вт, 20/12/2016 - 15:34 Жаңа кітап Таласбектің томдары Белгілі жазушы, сценарист, музыкант, домбырашы Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағы ҚР Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрді. Көптомдықтың алғашқы кітабына «Талтүс», «Кәрі күйші», «Тәттімбет сері» (аяқталмаған) атты күйшілік туралы романдар енген. Екінші том прозалық шығармалар мен киноромандардан тұрады. Олардың ішінде «Шымдан», «Кәрі ат», «Атайы», «Арылу», «Үш аяқты ит», «Болмашы әңгіме» сияқты 1980 жылдары жазылған шығармалардан бөлек, ХХІ ғасырдың бергі жағында туған «Біржан сал», «Тұмар падиша», «Бекторының қазынасы», «Шатырда тұратын суретші», «Құнанбай», «Маңғыстау жорығы» атты туындылар да бар. Бестомдықтың үшінші томына орыс тілінде «Царица Томирис», «Смерть ханского коня», «Биржан сал», («Последний трубадур»), «Жезтырнак», «Приемыш», «Медный город» (аяқталмаған) киноромандары мен «Смирение» әңгімесі кіріпті. Таласбек ағаның төртінші томы «Сырлы сарын» және «Әдебиет әлемі» атты екі бөлімнен тұрады. Аты айтып тұрғандай, бұл жинақта автордың музыка және әдебиет туралы әр жылдары жазылған мақалалары топтастырылған екен. Ал бесінші томға автордың мифология, тарих, қоғам жайында әр кезеңде жарияланған мақалалар кірген. Бөлісу: Толығырақ о Жаңа кітап Войдите, чтобы оставлять комментарии Руханият вт, 20/12/2016 - 15:30 Руханият Дұғашы мен аса асыл мұраны сақтаушы Өткен жылы екі бірдей асылдың ұрпағымен сұхбаттасқан болатынмын. Бірі немересі, бірі шөбересі. Бірақ күнделікті қарбаласпен жүріп тіпті ақпарат та жазылмай қалды. Биылғы Ақтөбеде болған қанды оқиғадан соң асылымызды танудың маңызды екендігі анық болды. Қазақты дінінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан айыру арқылы қарусыз жаулау – отарлаудың басты құралы болғаны белгілі. Кеңес заманында терең білімділерді, соның ішінде сауатты имам, молда тағы басқаларында «халық жауы» деп айыптап, қуғындаудың басты себебі де осы екені анық. Соңғы жылдары еліміздің әр өңірінде діни сауатсыздықтың кесірінен орын алған қанды оқиғалар осы көп жылдық солақай саясаттың жемісі. Жақында ғана Ақтөбеде болған жантүршігерлік оқиға тіпті тәуелсіздігімізге қатер екендігін көрсетті. Қатердің алдын алып, тамырымызды тауып, қазіргі буынмен қайта жалғау үшін ағартушылықпен айналысып, халыққа білім шашқан діни терең білімді тұлғаларымызды зерттеуді қолға алу күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Өңірімізде осындай тұлғаның бірі - Мәулімберлі Байшеркешұлы. Бөлісу: Толығырақ о Руханият Войдите, чтобы оставлять комментарии Редактор бағаны пт, 21/10/2016 - 11:20 Армысыз, ағайын! Жаз – журналистер үшін аяқтағы тұсау шешіліп, даланы кезіп көсіліп көп жүретін, жұмыстың жүретін айы. Өтіп бара жатқан жаз да біз үшін солай болды. Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары қарқын алған эпиграфикалық зерттеу жұмыстары бүгінде барынша жүйелі, барынша көлемді сипат алған. Жаздың жарқын күндерін пайдаланып, бірнеше экспедиция ұйымдастырдық. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының мамандарының қатысуымен Бөкей Ордасындағы Хан зираты кешенді зерттеуден өтті. Ақжайық ауданында бастамашыл маман, біздің журналдың тұрақты авторларының бірі Жәнібек Әбілпейісовтың ұйымдастыруымен бірнеше көне қорым зерттелді. Одан бөлек Жәнібек, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарында да кең көлемді жұмыстар жүріп жатқанынан хабардармыз. Бөлісу: Толығырақ о Редактор бағаны Войдите, чтобы оставлять комментарии Жан азығы пт, 21/10/2016 - 11:11 Жан азығы Қазақты дінінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан айыру арқылы қарусыз жаулау отарлаудың басты құралы болғаны белгілі. Кеңес заманында терең білімділерді, соның ішінде сауатты имам, молда, тағы басқаларын да «халық жауы» деп айыптап, қуғындаудың басты себебі де осы екені анық. Соңғы жылдары еліміздің әр өңірінде діни сауатсыздықтың кесірінен орын алған қанды оқиғалар – осы көп жылдық солақай саясаттың жемісі. Жақында ғана Ақтөбеде болған жантүршігерлік оқиға тіпті тәуелсіздігімізге қатер екендігін көрсетті. Қатердің алдын алып, тамырымызды тауып, қазіргі буынмен қайта жалғау үшін ағартушылықпен айналысып, халыққа білім шашқан діни терең білімді тұлғаларымызды зерттеуді қолға алу – күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Ақбай Баржыұлы Бөлісу: Толығырақ о Жан азығы Войдите, чтобы оставлять комментарии «Болашақ» пт, 21/10/2016 - 11:07 «Болашақ» Нұрлыгүл Есенғалиева, "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі, №42 «Ақ ниет» гимназиясы математика пәні мұғалімі, Орал қаласы Үш тілді білім берудегі ұстаздық тәжірибе XXI ғасырда әр адам бәсекеге қабілетті тұлға болу тиіс. Бәсекеге қабілетті тұлға деген кім? Бұл – ақпараттық заманда сан түрлі сандық технологиялармен қатар, бірнеше тілді жетік меңгерген тұлға. Шынында, Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдауында үштұғырлы білім беру саясатын енгізу заман талабынан туындаған қажеттілік екенін, болашақ қазақстандық бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза білетін, бәсекеге қабілетті маманға айналу керек екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар, өз жолдауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» - деген болатын. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, әлемдік ғылым құпияларына үңілуге, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік екені сөзсіз дәлелденіп отыр. Бүгінде еліміз дамыған елдер қатарына қосылуы үшін әлемдік аренада өзінің лайықты орнын айқындауында білім жүйесінің алатын орны ерекше. Бөлісу: Толығырақ о «Болашақ» Войдите, чтобы оставлять комментарии Азаттық пт, 21/10/2016 - 11:04 Азаттық 1972 жылы Жымпитыда болған дүрбелең Совет үкіметінің даңқы дүркіреп тұрған кезде Алашорда қайраткерлері туралы аудандық газетке естелік мақала жазып, елді шулатқан ақсақал туралы бұрын да еститінбіз. Белгілі өлкетанушы, ардагер журналист ағамыз Қайыржан Хасановтың төмендегі мақаласында даңқты Хасан Дабаров туралы кеңірек баяндалған. 1917-1918 жылдардағы оқиғаларды, Алашорданы, Алаш қайраткерлерін әшкерелеп, жамандап жазғандай болғанымен, аты-жөнін атауға тиым салынған ардақтыларды аудандық газетке шығарып, ел жадында бір жаңғыртып қойғанының өзі ерлік болатын. Советтік цензураның жаны қалмай шошынып, «оқиғаға кінәлілерді» қатаң жазалауы сондықтан. Айтпақшы, Хасан Дабаров ағамыз сол заманда сирек кездесетін кітаптарға толы, аса бай кітапханасымен де әйгілі болған жан екен. Белгілі ғалым Мұстафа Ысмағұлов 1979 жылы Қазақ ССР мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының жолдамасымен 6 маусым-29 шілде аралығында ел ішіне жасаған экспедициясында Орал облысы Жымпиты ауданының Бұлдырты кеңшарына арнайы барып, Хасан Дабаровтың кітап қорын көргенін жазыпты: «Дабаров Хасанның жеке кітапханасында 20 мыңнан аса кітап, газет пен журнал бар. Ол өте кітапсүйгіш адам. Бірақ, оның кітаптары қауіпті жағдайда. Үйінің төбесі қамыспен жабылған әрі Бұлдыртының бір шетінде орналасқан. Өрт бола қалса, ешкім оған көмектесіп, кітапханасын сақтап қала алмайды. Ал ақсақалдың кітапханасы – даланың сирек қазынасы деуге лайық! Алайда Хасан Дабаров құнды кітапханасымен құм ішінде отыр» депті Мұстафа Шәмбілұлы. DK Бөлісу: Толығырақ о Азаттық Войдите, чтобы оставлять комментарии Эпиграфика пт, 21/10/2016 - 11:00 Эпиграфика Хан зираты құпиясын ашты Ақ Жайық өңіріне арнайы іссапармен келген Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары Бөкей Ордасы ауданындағы «Хан зираты» қорымынан 526 араб жазулы құлпытасты оқып, хатқа түсірді. Бұл жайында «Жайық Пресс» ЖШС-ның конференц-залында өткен «Қазақстанның араб жазуындағы эпиграфикасын зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинарда кеңірек мәлім болды. - Құлпытастарды зерттеу бағытындағы жұмысымызды осыдан үш жыл бұрын бастаған болатынбыз. Алғашында өз күшімізбен елу құлпытастан тұратын жинақты даярлап, оны жұртшылыққа таныстырар сәтте өңірімізге Әшірбек Құрбанұлы бастаған ғалымдар тобы келген еді. Сол сапарда ғалымдар біздің көрсетуіміз бойынша жергілікті мамандарға түсініксіз болған күрделі жазбалы құлпытастардың мәтіндерін оқып, сырын ашты. Олар өлкеміздегі көне құлпытастарды нақты жобалар арқылы ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңызы аса жоғары екенін мәлімдеген болатын. Нәтижесінде ғалымдардың тікелей бастамасымен және министрліктің қолдауымен «Қазақ халқының мәдени ескерткіштері рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы ретінде (Батыс Қазақстан облысының эпиграфиялық ескерткіштері негізінде)» атты ғылыми жоба жасақталды. Қазіргі уақытта жұмыс мерзімі үш жылға белгіленген жобаның уақыт жағынан қақ ортасына келдік. Осы жиында аталмыш жоба аясында атқарылған істер қорытындыланбақшы, - деді семинардың модераторы, «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин жиынды ашқан кіріспе сөзінде. Бөлісу: Толығырақ о Эпиграфика Войдите, чтобы оставлять комментарии Экспедиция пт, 21/10/2016 - 10:57 Экспедиция Сүгір жыраудың құлпытасы табылды! ОРАЛ. ҚазАқпарат – XVIII-XIX ғасырдағы көне қорымдардағы араб жазулы эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеп жатқан Ақжайық ауданындағы «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!» ғылыми-өлкетану экспедициясы Сүгір жыраудың құлпытасын тапты. Экспедиция жетекшісі, өлкетанушы, Алмалы ауылдық округінің Атамекен ауылында тұратын ұстаз Жәнібек Әбілпейісовтің айтуынша, былтыр бастаған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу, яғни көне құлпытастардың орнын анықтап, картаға түсіру, суреттеп жазып, фотосуретке басу жөнінде аз уақытта ауқымды істер атқарылды. XIX ғасырдағы қырдағы қазақ ауылдарының отырған орындары картаға түсірілді. Биыл төте жазуды оқуға төселген мамандар, оралдық Қазыбек Құттымұратұлы мен жаңақалалық Мұратбек Жахатов және Жаңақала музейінің директоры Аманжол Сәлімов іске араласты. Бөлісу: Толығырақ о Экспедиция Войдите, чтобы оставлять комментарии 1916 пт, 21/10/2016 - 10:53 1916 Әкемнің әңгімесі Киікбай Молдағалиұлы, Алматы қаласы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресей өкіметі қазақ сияқты бұратана халықтарды солдатқа алмай, оның орнына окоп қазу немесе басқа да жұмыс қолы қажетті деген кәсіпорындарға қара жұмысқа жеккені аян. Жас бозбала кезінде сол қара жұмыстың бар ауыртпашылығын ересектермен бірдей атқарып қиыншылығын көзімен көрген әкем Молдағали Ерболатұлының айтқан әңгімесін жазып отырмын. Біз Тана тайпасының Асан руына оның Тілеу бөліміне жатамыз. Тілеу бабамыз атадан жалғыз екен, оның баласы Жанмырза да жалғыз. Ал Жанмырзадан үш ұл – Есенгелді, Итемген және Сүтемген тараған. Бөкей ордадан кезінде Байұлының бас биі болған үлкен атамыз Есенгелді тархан 1819 жылдары 1611 үй таналарды ішкі Бөкей беттен Жайықтың далалық жағына өткізіп, Жайық өзенінің бойындағы бұрынғы Тайпақ ауданына қарасты Қыдырбай төбесі деп аталатын ауылдан Қадырғұл елді мекеніне дейінгі жерге, одан әрі Өлеңті, Аңқаты, одан солтүстікке қарай бір шеті Шыңғырлауға дейін созылып жатқан жерді жайлаған екен. Осы деректер «DANAkaz» журналында басылған тарихшы Жәнібек Исмурзин жариялаған құжаттарда анық келтірілген. Бөлісу: Толығырақ о 1916 Войдите, чтобы оставлять комментарии Қаражат пт, 21/10/2016 - 10:51 Қаражат БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ: ӨТКЕНГЕ КӨЗ ТАСТАУ Нұржан Қалдыбеков, «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысы Джордж Вашингтон университетінің түлегі XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда тауар айналымы біршама өсті, ол банк капиталының туындауымен және кредит мекемелерінің құрылуымен бірге жүрді. Батыс Қазақстан облысында ақша-кредит жүйесі сонау революцияға дейінгі уақыттан бері дамуы жағынан бұрынғы КСРО-ның көптеген республикаларының алдында болды. Оған дәлел ретінде 1860 жылы император Александр II жарлығымен Ресей Империясының Мемлекеттік банкінің құрылғандығын, ал 1876 жылы Қазақстан аумағында Мемлекеттік банктің бірінші Орал бөлімшесінің ашылғандығын айтудың өзі жеткілікті. Ресей империясы капитализмге әлсіз экономикасымен кірді, сондықтан, Ресейдің экономикалық қатынастардың жаңа қатарына өту ерекшеліктерінің бірі мемлекеттің экономика мен банктердің барлық түрлерінің кейбір салаларындағы жеке секторға айтарлықтай қолдау көрсету болды. Мемлекеттік банк болса осы экономикалық саясаттың органы болды. Ішкі ақша ресурстарын жұмылдыру нысандағы салымдар мен ағымдағы шоттар Мемлекеттік банк бөлімшесінің негізгі ресурстары болды. Мемлекеттік банктің Орал бөлімшесі ақша реформасын жүргізуге – 1892 және 1896 жылдары банкноталарды айырбастау барынша ат салысты. Бөлісу: Толығырақ о Қаражат Войдите, чтобы оставлять комментарии Алаштану пт, 21/10/2016 - 10:49 Алаштану Қуғын көрген қазақ қыздары Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы ХХ ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестермен рухани жаңару кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің беталыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олар қазақ елінің Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени тұрғысынан өте артта қалғандығы Ресей патша үкіметінің отарлық саясатының әсерінен екенін толық түсінді. Сондықтан қазақ халқын өзге дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін саяси-күрес аренасына шықты. Олар саяси күрестің бірінші кезеңін еуропаша білім алу деп түсінді. Қазақ халқының ел билігін ұстаған басшылары оқимын деген жастарды барынша оқуға жұмылдыра білді. Біздің өлкемізде саяси күрестің екінші кезеңі 1905-1917 жылдар аралығын қамтиды. Ол саяси партия құрудың алғышарттары, саяси күрестер және 1917 жылғы Қазақ съездері еді. Бөлісу: Толығырақ о Алаштану Войдите, чтобы оставлять комментарии Алаштану пт, 21/10/2016 - 10:49 Алаштану Қуғын көрген қазақ қыздары Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы ХХ ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестермен рухани жаңару кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің беталыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олар қазақ елінің Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени тұрғысынан өте артта қалғандығы Ресей патша үкіметінің отарлық саясатының әсерінен екенін толық түсінді. Сондықтан қазақ халқын өзге дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін саяси-күрес аренасына шықты. Олар саяси күрестің бірінші кезеңін еуропаша білім алу деп түсінді. Қазақ халқының ел билігін ұстаған басшылары оқимын деген жастарды барынша оқуға жұмылдыра білді. Біздің өлкемізде саяси күрестің екінші кезеңі 1905-1917 жылдар аралығын қамтиды. Ол саяси партия құрудың алғышарттары, саяси күрестер және 1917 жылғы Қазақ съездері еді. Бөлісу: Толығырақ о Алаштану Войдите, чтобы оставлять комментарии Мәдениет пт, 21/10/2016 - 09:13 Мәдениет Өнермен бірге өрлейміз... Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы – ең алғаш 1952 жылы «Халық шығармашылығы үйі» болып іргетасы қаланған, алпыс жылдан астам тарихы бар ұжым. Ол облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін мәдени шараларға мұрындық болып келеді. Орталықтың негізі жұмыс бағыты – аудандық және ауылдық мәдениет ошақтарымен ұдайы байланыста болып, әдістемелік, методикалық көмек көрсету, яғни Батыс Қазақстан облысы аумағындағы 282 клуб мекемесінің қызметін одан әрі дамыту, өнерін өркендету, халықтық ұжымдардың шығармашылығын қалыптастыру, ұлттық өнерді қайта жаңғырту,сондай-ақ ұлттық ән-күй, биіміздің желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу. Бөлісу: Толығырақ о Мәдениет Войдите, чтобы оставлять комментарии Мерейтой пт, 21/10/2016 - 09:10 Мерейтой 100 жылдық тарихы бар оқу орны Қазақстан Республикасы аумағында медициналық білім беретін алғашқы оқу орны қашан, қай жерде ашылғанын білесіз бе? Әрине, ол – бүгінгі Батыс Қазақстан медициналық колледжі. Кәсіби дәрігерлер даярлайтын бұл білім ордасының іргетасы Орал қаласында 1916 жылы қаланған. Ел аумағында тек 13 жылдан кейін ғана басқа да медициналық оқу мекемелері ашыла бастады. Бұған дейін мамандар Ресейдің Саратов, Воронеж қаласындағы фельдшерлік-акушерлік мектептерінде дайындықтан өтіп, Омбы және Орынбор әскери аурухана курстарында, сондай-ақ Қазан және Саратов университеттерінің медициналық факультеттерінен оқу бітіретін. Қазақ жерінде өз медицина қызметкерлерін дайындаудың бастауы күрделі эпидемиологиялық жағдайдың қиындығынан және өңірдегі медицина қызметкерлерінің тапшылығы апатынан туындады. Өйткені, ғасырлар бойы Еділ мен Орал арасындағы аудандар обаның табиғи ошағы болды. Бұл індеттің өршуі эпидемия себебін зерттеу және бағалау, қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыру үшін бұл өңірге дәрігерлер мен фельдшерлердің тұрақты келуіне себеп болды. Дәрігерлер оқу орнын қойып, жұмыс орнының өзінде көмекші дайындауды бастады, ал кейбіреулері Қазан, Воронеж қалаларына қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны әр жыл сайын 15-20 шақты адаммен толығатын еді. Әрине бұл өте жеткіліксіз болатын. Бөлісу: Толығырақ о Мерейтой Войдите, чтобы оставлять комментарии Мөр пт, 21/10/2016 - 09:07 Мөр Қаратау бидің мөрі Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAkaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашып отыр. Әлбетте, тарих ғылымында мөртаңбалардың шығу тарихын, ерекшелігін зерттейтін «сфрагистика (грек. Σφραγις — мөр, таңбалау) немесе сигиллография (латын. Sigillum — мөр, таңбалау) атты салалары бар екенін білеміз. Бірақ, біздің мақсатымыз ол ғылыммен түбегейлі шұғылдану емес, ұлт тарихында орны бар тарихи тұлғалардың қалың оқырманның қолы жете бермейтін алыс архивтерде, сарғайған құжаттарда сақталған қолтаңбаларын, дәлірек айтсақ, мөртаңбаларын жария ету. Қаратау Өмірзақұлы (ХVІІІ-ХІХ ғғ-да өмір сүрген) — ел қорғаған батыр әрі би, Сырым Датұлының үзеңгілес жолдасы. Тегі — Он екі ата Байұлына жататын ысық руының сары атасынан. Қаратау би 1773-75 жылдары Е.Пугачев көтерілісін қолдап, патша әскеріне қарсы соғысқан. Сондай-ақ ол 1737-97 жылдары Батыс Қазақстан аймағында өршіген ұлт-азаттығы қозғалысын ұйымдастырып, оның Датұлынан кейінгі басшыларының бірі болған. Мөр суреті «Тұтқындар туралы» атты істен алынған. Ресей Федерациясы, Орынбор мемлекеттік архиві, 5 қор, 1 тізім, 30 іс, 64 бет. 1789-1790 жж. Мөрдегі жазу: «Қаратау би бин Өмірзақ» Бөлісу: Толығырақ о Мөр Войдите, чтобы оставлять комментарии Отбасы пт, 21/10/2016 - 09:05 Отбасы Тектілік тағылымы Әкем аңшы адам еді. Үш-төрт жасар күнімде үй алдындағы көмір қораның ішінде қызылынан көрі ақшыл түсі басымдау, ірілігі ерекше бір түлкі жатты. «Енді оны не істейді?» деп сұраймын үлкендерден. «Емші Зәру апаға береді, емге қолданады» дейді. Бірінші сыныпқа барғанымда анам үстіме жаңа көйлек кигізіп жатып: «Зәру апа берді, киіп жүрсең жақсы боларсың, ауырмассың» деп ырымдағаны да есімде. Өсе келе ауылдасымыз Зәру апайдың Қаратөбе халқына кең танымал Едіге ишанның Раушан есімді қызынан туған жиені екенін білдік. Ол кісіге емшілік, сынықшылық қасиет анасының жағынан келген екен. Біздің жанұядан әрқайсымыз қандай да бір дене мүшемізді оқыс ауыртып Зәру апаның алдына барғанымызда, сол бір жанның киелі алақанының шипасы бойымызға талай мәрте дарыды. Ал оның жолдасы Оспан ағай – Алаша руының ішінде әрісін айтқанда Шотқара Шүрет батырдың, берісін айтқанда арқалы ізші Құлмұқан деген кісінің ұрпағы екен. Біздің үй мен Оспан ағайдың жанұясы туысқан адамдардай араласып, ерекше сыйласып тұрдық. Әкем ол кісілерді қонаққа шақыра қалса, әңгіме тыңдасын деп бізді де дастарханға бірге отырғызушы еді. Бөлісу: Толығырақ о Отбасы Войдите, чтобы оставлять комментарии Мәселе пт, 21/10/2016 - 09:02 Мәселе Білім ордасына емес, букмекерлік кеңсеге... Меңдібек Лұқпанов, журнал тілшісі Бүгінде Қазақстанның кез келген қаласында қаптап кеткен «Интернет клуб», «Букмекерлік кеңсе» «PlayStation» сияқты жарнамасы жалпақ жұртты өзіне шақырған ғимараттарды Сіз де көріп жүрген шығарсыз?!. Мүмкін кейбіріне кіріп, бәс тігіп те көрдіңіз?! Тіпті, балаңыз соның ішінде жүрген болуы мүмкін... Айналасын арбап, құрдым құдыққа тартып жатқан осы құбылыстың айналасындағы сан сұраққа біз жауап іздеп көрейік. Ойыны осылмаған ойын автоматтары «Әр үстелде және әр үйде - компьютер» идеясын іске асырушы Билл Гейтс кейіннен «жастардың уақытын ұрлап жатырмын» деп өкінген екен. Себебі, қазіргі уақытта компьютер мен ойын автоматтарына жіпсіз байланған жастар өте көп. Статистикаға сүйенсек, елімізде әрбір бесінші адам айына 2000 теңге бәс тігуге дайын екен. Бұл – әр отбасында бір адам құмар ойынның қызығына батуға әзір деген сөз. Әрине, кісі шошырлық мәлімет. Сыртында «интернет-клуб» деп жазылған мұндай ойын автоматтары Орал қаласында да аттап бассаң алдыңнан шығады. Аты интернет-клуб болғанымен, ішінде тек ұтыспен ойын ойнататын «қой терісін жамылған қасқырлар» емін-еркін бизнесін жүргізіп отыр. Ол жерге келген адамға қойылатын қарапайым ереже – егер ұтысқа ойнамайтын болсаңыз, сізді клуб ішіне кіргізбейді. Ешкім ешкімді қыстамайды, қайта жаны ашып, «кассадағы ақшаны қалай тауысамыз» деген қағидамен жүреді. Егер сенің ақшаң болса, сен үшін ойнап беру олар үшін де түкте емес. «Кемедегінің жаны бір» демеуші ме еді бабамыз. Осылайша заңға да пысқырмай, ойын бизнесін жүргізіп жатыр. Ол аз десеңіз, ұзынқұлақтан естуімізше, кез келген қалада жасырын казино орындары да бар көрінеді. Жел сөз деп сенгіміз келмесе де, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны» анық. Мұндай ойын ордаларына заңмен тыйым салынғаны белгілі. Бөлісу: Толығырақ о Мәселе Войдите, чтобы оставлять комментарии Жаңа кітап пт, 21/10/2016 - 08:58 Жаңа кітап «Оралбек батыр» кітабы жарық көрді Жақында Орал қаласында «Оралбек батыр» атты кітап жарық көрді. Кітапта Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо мен самбодан Батыс Қазақстан облысының чемпионы, қазақша күрестен Батыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін абсолюттік жеңімпазы, республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегері Оралбек Қожагелдиннің өмір жолы, тұлғалық қалыптасу кезеңдері, отбасылық өмірі, қоғамдық қызметі және қасіретті қазасы туралы нақты куәгерлердің естеліктері жинақталған. 1990 жылдардың аласапыранында әділет үшін күрескен, нарықтан тарыққан халқына қорған болуға ұмтылған, ұлт мүддесі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше үлес қосқан тұлғаның азаматтық қасиеттері суреттелген. Жинақта тарихи фотосуреттер, шынайы естеліктер, құнды құжаттар тұңғыш рет топтастырылып отыр. Бөлісу: Толығырақ о Жаңа кітап Войдите, чтобы оставлять комментарии Кемпірқосақ пт, 21/10/2016 - 08:55 Кемпірқосақ Медеттің мезеті Небәрі 29 жасында өмірден Медет Досымов атты азамат өтті. Ол Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінде фототілші болып қызмет атқаратын. Ақ Жайық өңірінде болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғалардың ешбірі де Медеттің нысанасынан құр қалып көрген жоқ еді. Әсіресе туған жердің тамаша табиғатын, сұлу көріністерін Медет өте сезімталдықпен байқап, асқан шеберлікпен «ұстап алатын»... Медет Сүндетұлы 1987 жылы 2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Чапаев ауылында дүниеге келген. Аудан орталығындағы №14 кәсіби-техникалық мектепті «Электронды есептегіш машиналардың операторы» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын аудандық кітапханада бастаған болатын. Кейін Ақжайық аудандық «Жайық таңы» газетінде қызмет етті. Жұмыс бабымен «Жайық Пресс» ЖШС мекемесіне ауысып, облыстық «Приуралье» газетінде беттеуші-дизайнер болды. Білімін жетілдіріп, БҚИТУ-дың дипломын алды. Сол жылдары өзінің шығармашыл талабын ұштап, фототілшілік кәсіпті меңгерді. Бөлісу: Толығырақ о Кемпірқосақ Войдите, чтобы оставлять комментарии Құлпытас сырын ашайық! пт, 21/10/2016 - 08:52 Құлпытас сырын ашайық Хан қызы туралы тасқа қашалған құпия Гүлмару Мырзағалиева, Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің бөлім меңгерушісі, тарих магистрі Баспа беттерінде жарық көрген хан Жәңгірдің ұрпақтары туралы ғылыми-зерттеу мақалаларда ұлдары мен үш қызы туралы деректер жазылып жүр. Т.Боранғалиевтің «Жәңгір хан» кітабында: «Жәңгірдің Зағира есімді қызы болған. Алайда қырқыншы жылдардың басында хан отбасы туралы құжаттарда Зағира туралы дерек кездеспейді, ертерек, жас кезінде қайтыс болса керек» - деп келтіреді. Зағирадан басқа