Әдебиет порталы
- Кілтсөздер: қазақстан тарихы, тарих, тест қазақстан тарихы, қазақтар, қазақстан
- Description: Әдебиет порталы
- Сервер ақпараты: HTTP/1.1 200 OK Date: Sat, 25 Feb 2017 00:53:09 GMT Server: Apache/2.4.6 (CentOS) PHP/5.4.16 X-Powered-By: PHP/5.4.16 Cache-Control: private Set-Cookie: session=20fc5d773581a0dcfa1164b654fa2b5e48d45dd2%7E58b0d575a75c54-67024871; path=/ Transfer-Encoding: chunked Content-Type: text/html; charset=utf-8
- Ашылу уақыты (sec): 6.35195
- Мазмұны: 2b9ac ЖАҢАЛЫҚТАР Авторлар Кітаптар Аудиокітаптар Жанрлар Кейіпкерлер Ашық мінбер Арнайы жобалар МУЛЬТИМЕДИА 25 ақпан 2017 қаз рус кіру немесе тіркелу Бүгінгі туған күн иесі Естеу Нүсіпбеков Мұратхан Шоқан Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Абай Құнанбаев Әдеби үдеріс Авторлар Кітаптар Жанрлар Кейіпкерлер Ашық мінбер Арнайы жобалар МУЛЬТИМЕДИА 24 / 2 24 / 2 24 / 2 24 / 2 24 / 2 Күн астындағы Күнікей қыз 24 / 2 Ақындық туралы Белинскийдің айтқандары 24 / 2 Ақын Серік Тұрғынбекұлының бір күні (Фоторепортаж) 24 / 2 Астанада мюзикл! Күн астындағы Күнікей қыз Түні бойы дамылсыз жыпылықтаған шағын қаланың шамдары таң ата сөне бастады біртіндеп... Күнікей күндегіше ұйқыдан сағат 7.00-де тұрды. Балаларын оятып, таңғы асын беріп, сабаққа аттандырды. Содан соң айнаның алдына отыра қалып, макияж жасауына 10-15 минуттай уақыты кетті. Бүгін жұмысына іссапармен Астана қаласынан мамандар келмек. Қарақоңыр шашын төбесіне түйгісі кеп оқталды да, иығынан асыра жібере салды. Кірпіктерін сүрмелеп, тушьпен ұзартты, сәл қиықшалау үлкен көздерінің жиегін қарындашпен бояп еді, доғадай иілген қастарымен үйлесіп қиыла қалды. Үстіне шымқай жасыл көйлегін киді. Айнадағы сәмбі талдай бұралған өз мүсініне өзі сүйсініп, күлімдеді. Плащын киіп, қолына қарақоңыр сөмкесін ұстап, далаға шыққанда қызмет көлігі күтіп тұрды..Астанадан үш қызметкер келіпті. Әріптестерін қарсы алған соң, кеңсе қызметкерлерін жинап, шағын мәжіліс өткізді. Мамандар оларға жаңа бағдарламамен жұмыс жасау тәсілін үйретпекші. Келгендердің екеуі орта жастан асқан, енді бірі жас жігіт екен. Жиналыста меймандардың әлгі жастауы өзінен көз алмай сұқтанып қарап отырғанын байқады. Жігіт, әсіресе, капрон шұлық пен біз өкше туфли киген оқтаудай түзу аяқтарына қадала қарай берген соң, көйлегінің етегін тартқыштап, біресе аяқтарын қайда қоярын білмей, қызарып, дегбірі кетті. Әлгіге бір-екі рет оқты көзімен ата қараған. Келген меймандардың екеуі сол күні шаруалары біткен соң қайтып кетті де, тіміскі көз жастауы тағы бірер күн қалып, жаңа бағдарламаны компьютерлерге енгізетін болды. Оның тіміскі көзіне Күнікей әлі бақандай екі күн шыдауға тиіс екен. Тіміскі көз жігіт екі күн дегенде жаңа бағдарламаны орнатып, шаруасын бітірді. Сол күні Күнікей жұмыстан шаршағандықтан креслосынан созыла тұрып, кабинеттің шамын сөндіріп, кілтті күзетшіге тапсырып, кеңседен шыққан. Бетін жібек самал желпіп өтті. Көктемнің әтір иісті ауасы біздиген мұрнын қытықтады. Баспалдақтан түсе бергенде әлдекім жөткірініп қалды. Жалт бұрылған, бұрышта қараңғылау жерде манағы жас жігіт шылымын сорып болып, бәтеңкесімен өшіріп жатыр екен. «Тә-ә-әк, салқынқанды болуым керек» деп іштей ойлап үлгергенше, жігіт сыпайы жылмиып тіл қатты: -Кешіріңіз, жақын маңда тамақ ішетін кафе жоқ па екен? - Қонақүйде жоқ па еді?- дегенін байқамай қалды Күнікей. - Сол қонақ үйіңізде тамақтанатын жер түгілі, меймандарға дұрыстап тынығуға да жағдай жасалмаған екен. Сізге айтуға қысылдым,- деді жігіт мысқылдай күліп. Күнікей білдей мекеменің басшысы бола тұра іссапармен келген мейманға жөні түзу қонақүй тауып бере алмағанына аздап ұялып қалды. Басқа мекемелер жоғары жақтан өздері бағынышты шенділер келсе жік жапар боп, асты-үстіне түсіп жалпылдайды да жатады, ал бұл болса... Күнікей ыңғайсызданып туфлиінің тұмсығымен тротуардың бетін сызғылады. - Сонымен бір жақсылап тамақтанатын кафе болса, ауқаттанып алып, ертең ертемен жолға шығамын, - деді жігіт енді маңғаз қалыпқа еніп. - Жүріңіз, жолшыбай дәмхананы көрсетіп жіберейін,- деп Күнікей жігітті ертіп ап көшемен жүре берді. Көше бойында олай-былай өткендерді шақырғандай маңдайшасындағы шамдары бір жанып, бір сөніп қызықтырған бір кафенің тұсына келгенде тұра қалды да: - Міне, қаламыздағы ең тәуір кафелердің бірі – осы, - деді қолын шошайтып. Жігіт мырс ете қалды: - Рахмет. Бірақ ғафу етіңіз, алыстан келген мейман деген атымыз бар, тым құрыса, менімен бірге отырып тамақтанарсыз. Мәселен, жұмыс жайында әңгімелесуге болады ғой . Жалғыз өзім... танымайтын ортада, - деп қиыла қарады. - Жарайды, - деп жігітке қарап басын изеді де, алға түсті. Кафе іші самаладай жарық, шетелдің бір музыкасы естіледі. Жігіт сыпайы түрде плащын шешуге көместі де орындығын жылжытып, отыруына жағдай жасады. «Қанша дегенмен, Астанадан келген, бұлардың мәдениеті жоғары ғой» деп Күнікей сүйсініп қалды. Қарама қарсы орындыққа жайғасқан жігіттің есімі Дамирекенін есіне әрең түсірді. Шақырайған шамдалдар астында жігіттің әжаптәуір көрікті екенін байқады, қарапайым бірақ қалалықтарша талғаммен киінген, ортасы тұтаса қосылған барқыт қастары әлгі түрік сериалындағы бір актердан айнымайды. Бір жағынан өзінің марқұм күйеуіне де ұқсайтынын байқап, таңғалды. Жүрегі лүпілдеп кетті. Бұдан үш жыл бұрын жол апатынан көз жұмған жан жары Ернары... Тек күйеуі қара торы болатын, ал мынау ақ сары екен.. Жігіт қазақша-орысша араластырып, қойыртпақтап сөйлейді. Қаладағылардың бәрі сондай ғой, қайтсін! - Сонымен, Кун, Кюн..Кункей ханым, - деп жігіт «Күнікей» дегенді айта алмай тілі күрмеліңкіреп, - Сіз өте сұлусыз. - Қойыңызшы, - деп Күнікей ұялып қалды.. - Шын айтамын. Мына шағын қалада алдымнан сіз сияқты хор қызындай сұлу шығады деп ойламаппын. Жап-жас болып білдей басшысыз әрі сізді біздің Астанадағы кеңседегілер іскер деп мақтап отырады. - Рахмет, - деп Күнікей масаттанып қалды. Мына жігіт шынында да марқұм күйеуіне ұқсайды, тек Ернарының көзі мынаның көзі сияқты ойнақшымай, ойлана қарайтын. Жаңа кафеге кіріп келгенде актер сияқты ұзын бойлы, сымбатты жігітке қыз-қырқынның да жапатармағай бұрылып қарағанын есіне алды. - Кун..., Кюн... Кункей, есіміңіз қиын, біртүрлі күлкілі екен. Кешірім өтінемін, ана тіліме шорқақпын. Есіміңіздің мағынасы не сонда? Күнікей кішкентай кезінде әжесінен естіген ертегідегі кейіпкер - Күн астындағы Күнікей қыз туралы айтқысы кеп кетті. Әжесі ұршығын соза түсіп осы ертегіні айтатын. «Баяғыда... есте жоқ ерте заманда....». Ертегіге еліткен Күнікейдің көзі әжесінің шыр айналған ұршығында. Шүйке жіптің созылып, жіңішкере беретініне, бірақ үзілмейтініне таңғалады... Қасында сұрағына жауап күтіп отырған жігіттің көзінен әжуаны байқады. «Сенің ана тіліңді білмей, мәңгүрт болғаныңа мен кінәлі емес шығармын, саппас» деп теріс айналды. Мынау қапырық кафеден тұра қашқысы келді. - Не қалайсыздар? - Қолына ас мәзірін ұстаған даяшы қыздың сыңғырлаған даусы шықты. Сарғылт шашты, қалың қоңыр қасты әдемі қыз екен. Дамир айтып отырған әңгімесінен жаңылып, сәл кідіріп қалды. Күнікей оның тіміскі көздерінің сары шашты даяшы қызды басынан аяғына дейін көз ілеспес шапшаңдықпен шолып шыққаннын байқады. Жігіт кенет қасында басқа да әйел заты отырғаны есіне түскендей, іле серпіліп, ас мәзіріне тапсырыс бере бастады. Күнікейдің қарсылық білдіргеніне қарамастан бір бөтелке шарап алдырды. - Ал, қане таныстығымыз үшін. Ең іскер әрі ең сұлу келіншек үшін алып қоялық, - деді жігіт қан қызыл шарап құйылған бокалды қолына алып. Күнікей таныс біреу-міреу кездесіп қалса қайтемін деп жан жағына жалтақтап, қысыла бастады. «Ай, ақкөңіл басым-ай. Таныстарым көрсе бір жігітпен кафеде шарап ішіп, шалқып отыр» деп өсекті гулетер әлі». Мейман жігіт жалынып қоймаған соң күреңқызыл шараптан бірер рет қинала ұрттап отырды. Бір кезде үстел үстінде жатқан жігіттің ұялы телефоны шарылдап қоя берді. Жігіт қолына алып қарады да, жауап берместен селқос үстелге қоя салды. Қанды қыздыратын музыка ойнады. Күнікейдің шарап ұрттағаннан ба, қапырық ауадан ба, екі беті қызғалдақтай құлпырып, қызыл далап жаққан ерні мен ақша жүзі алаулай түскен. Жігіттің қанжардай өткір көздерінен тұла бойына ток жүгіріп өткендей болады... Бір сиқыр арбап, басын айналдырып бара жатқандай болады да селк ете қап сағатына ұрлана қарайды. Үстел үстіндегі жігіттің телефоны тағы да бажылдап қоя берді.. Аржағында біреу хабарласа алмай, қылғынып бебеулейді. - Дамир, ұялы телефоныңызды алсаңызшы! - Жә, жәй таныстар ғой. Артынан хабарласамын,- деді жігіт жәйбарақат. Күнікей тағы да сағатына ұрлана қарады. «Сағат тура 9.00-де кетуім керек». Жігіт орнынан тұрып шылым шегіп келетінін айтып, шығып кетті. Телефонын үстел үстіне қалдырып кетті. Байғұс телефон үсті-үстіне шарылдай берді. Күнікей шыдай алмай жігіттің телефонын алып, есік жаққа жалтақтап қарады. Сосын иесіне апарып бермек боп орнынан тұрды. Сол мезетте еріктен тыс телефон соғып жатқан адамның аты- жөні тұратын жерге көзі түсіп кетті. «Жаным» деген бір сөз телефон бетінде өшіп- жанып тұр екен. «Жаным» дегені кім болды екен? Сүйген қызы...бәлкім әйелі болуы да мүмкін?». Байланыс құралын қолына ұстап фойэге шыға бергенде, арақ-шарап тізіліп тұрған сөренің қасында манағы сары шашты даяшы қызбен сөйлесіп тұрған мейман жігітті көрді. Сары шашты даяшы қызға көздерімен ішіп-жей қарап, әлдене деп қалжыңдасып тұр екен. Екеуінің не айтып жатқаны даңғаза музыкадан естілмейді. Күнікей сасқанынан аяғының ұшымен басып, кері үстелге қайтып кеп, түк болмағандай телефонды орнына қоя салды. Сәлден соң жігіт келді. -Сонымен, сұлуым, әңгіме айтпадыңыз ғой. Мүлдем үндемейсіз. Сіз өзіңіздің керемет сұлу екеніңізді білмейтін де сияқтысыз, - жігіт енді таза орысша сөйлеуге көшті. Сөйлеп отырып қастарынан өтіп бара жатқан модельдер тәрізді сырықтай ұзын бойлы, шаштарын беліне дейін тарқатып жіберген екі қызға қарап, көзін тайдырып әкетті. «Жоқ, менің Ернарым мына Дон Жуанға мүлдем ұқсамайды. Ол екеуміз кафеде отырғанда басқа қыздардың бас-аяғына қарамақ түгілі, қайта мені көрінген еркектен қызғанып, шыр-пыр болушы еді ғой». Марқұм аяулы жарын мынадай қайдағы бір жолбикемен салыстырғанына күйінді. - Ал, жақсы. Қош-сау болыңыз. Мен үйіме қайтуым керек, - деп күлді Күнікей. Бір жағынан іштей өзінің бүгінгі әй-шәй жоқ, кафеде отырған әпенділеу қылығына да күлген еді. Сағатқа қарап еді, сүйір тілі тура 9.00-ді көрсетіп тұр. -Неге? - жігіттің көзі атыздай болды. Күнікей орнынан тұрды. - Тұра тұрыңызшы! - Жігіт ойнақыланып, бір қағаз салфетканы жұлып ап қаламсабымен әлденені асығыс жаза бастады. Сонсоң Күнікейдің плащын кигізіп жатып, әлгіні қалтасына сүңгітіп үлгерді. Күнікей қапырық кафеден атып шықты. Тротуармен жүріп келе жатып, тұра қап плащының қалтасынан жаңағы жігіт жазған қағазды алып, көше шамының жарығына тосып оқыды. «Күнікей, сіз өте сұлусыз. Сізді қонақүйде күтемін. Келіңізші! Әріптесіңіздің қонақүйге қалай орналасқанын білуге тиістісіз ғой» деп астына қонақүйдегі нөмірін жазыпты. «Нақұрыс!». Күнікейдің тұла бойы ашудан қалшылдап кетті. Содан соң қағазды күлдей қып паршалап жыртты. Бір уыс қағаз қиқымын жиіркене лақтырып жібергенде, әлдеқайдан есіп қоя берген самал қағып ап ұшырып әкетті. Жаңағы нақұрыстың есімін айта алмай «Кун.. Кюн... Куникей» деп былдырлағыны құлағына естіліп кетті. Неге екені белгісіз, кенет соңынан қолына ұршығын ұстаған марқұм ақ жаулықты әжесі қарап тұрғандай сезінді. Артына еріксіз бұрылып қарап еді ешкім жоқ екен. Біз өкше туфлиі тротуарды тықылдатып жүріп кетті. Сәулеш Шәтенова. 24.02.2017 498 Асқар Сүлейменов: Шындық – көп, ақиқат – жалқы Сүлейменовтің соңғы сұхбаты – Бүгiнгi таңдағы қай мәселе, қай әңгiме де қоғамның хал-ахуалына тiрелiп жатады. Сiз де әңгiменi содан бастасаңыз... – Кезiнде бiр кiтап қарап ем. Яхтсменнiң кiтабы: сэр Джон Чичестер. «На Джипси Мот IV» вокруг света». Содан бiлем. Австралия мен Антрактиданың аралығында толқыны он бiр баллға құтыратын «күркiреген қырықыншы» («ревущие сороковые») аталатын меридиан бар боп шықты. Мұхитқа шықпаса «сусап» өлердей яхтсмен-жанкештiлердiң барарда сол коридордан, ал қайтарда Оңтүстiк Американың құрып бiтер құрдымы — Горн мүйiсiнен аман өтуi ажалмен бажа болғандай саналады екен. Ұлты, жынысы, мамандығы, саяси сенiмiне қарамай әрбiр адам тұл айғырдың құйрық тұқылындай келте ғұмырында осы «қырықыншыны» орап өте алмайтын сияқты. Бақ та — үш харiп, сор да — үш харiп. Сол үш харiптен түзiлген қос ұғымның алдыңғысы — мөрленген лотереясы, бақ билетi болмаса орап өтуi мүмкiн де емес. Бұл және де — «қырықыншымен» бетпе-бет келу — дүниежарыққа шырқырап келiп, шыңғырып кетер пенденiң ғана емес, сол пенде тiршiлiк кешетiн қоғамның да басындағы бар шаруа. Басқаны, басқаларды былай қойғанда, төрт аяғы тең жорға делiнетiн Штаттардың өзi өткен ғасырда (Азамат соғысы, 1861—1865жж.), осы ғасырда (Ұлы тоқырау, 1929—1933 жж.) оған ат басын тiреген.– Сөзiңiздi бөлейiн. Осы бiзде Америкадан басқа бой салыстыратын ел жоқ па? – Өзiм де қайранмын. Бiрақ, Американы да орап алатын иiндерiмiз де бар-ау деймiн. Мысалы: ракета, трактор, идеология, генералдар өндiру жағынан... Олар, Штаттар, «қырықыншымен» жүз жылда бiр жүздессе, бiз, кемiнен қайырғанның өзiнде, әр бесжылдықта бiр-бiрден айқасып қаламыз. Жазмыш десең жайдақ, юмор боп шығады. «Зри в корень» дегендi естiгенмiн. Дұрысы: бiз (қоғам) оқыған, бiздi (қоғамды) оқытқан қисынның өзiнде ме дейсiң. Не оқыдық, не оқытты? Базис пен қондырманы (надстройка) оқыдық. Базис пен қондырмасыз система жоқ. Мәселе — iргетасында. Бiз оқыған базис пен қондырманың iргетасы — не? Таптық редукционизм. Бұл қай ахкем? Бұл бүкiл әлеуметтiк-қоғамдық-рухани процестердiң (бiр полюсi — өндiретiн күш пен өндiрiстiк қатынас, бiр полюсi — ұлттық кiрiс пен ҒТР), тiптi ғылымдардың (бiр полюсi — генетика мен психоанализ, бiр полюсi — философия мен әдебиеттану) таптық критерийлерге телiнуi, емiнуi. Мұндайда «құдая тоба» демеске амал кем. Адам, себебi, кембағалдың баласы, байдың бағланы, Жаманшұбардың жуан қарасы, Қасқабұлақтың марқасқасы боп тумайды ғой. Бiзде туатын боп шықты. ...Бiз нендей тамашалар көрмедiк — қазағы бар, орысы бар, қазақ-орысы бар, шүршiтi мен шүленi бар «нұрлы болашақ» ныспылы ұғым-ұранның жетегi болдық, сүйретпесiне айналдық; ендiгi; арғы-арғы жылдардың ауа райын биыл емес, былтыр естiп алған болуға дағдыландық; өмiрдi, әлемдi, қала бердi ғаламды да солардың өзiнен емес, Кiндiк газеттiң Бас мақаласынан тануды үрдiске айналдырдық; жасанды ұран — Құран болды. Ойлаймын: қоғам мен қауымның кеше кезiккен, бүгiн жолыққан, ертең қауышпақ азабы мен азасын, мұңы мен мұқтажын пайымдап, жобалап, өлшеп-пiшiп отыратын, адамның саяси табын емес, табиғи бабын ойлайтын социологиялық институтпен ат құйрығын кесiскен система ат тiзесiн баритон ұранмен қоспағанда қайтедi? Дау жоқ, бүгiнгi таңда идеологияның (жаңара қалса, құдай оңынан берiп таза түлей қалса) атқарар шаруасы қыруар. Бiрақ қосымша құнның теориясынан бастап, көркем творчествоның психологиясына дейiн идеодогмаға құндақтау деген — не? Бұл — қатер. Бұл — «артыққа» бiткен тыртықтың өзi. Айбалтаның өзiне ақиып қарайтын тыртық. Табиғаттың тәлiмiне не жеткен? Өмiрге өз жолымен келген «қызыл қарын, жас бала» догмат ғақлиялардың бесiк-қалыбынан көкпар тартар жасқа жеткенше шықпай қойған соң кәдуiлгi делқұлы «дебил» боп, қаланың «қыртөшкесi» боп өседi де, миғұлалығының анықтамасы ғып «Плейерiнiң» кассетасына «Кертолғауды» да, «Чаконаны» да емес, «Аквариумның» селкiлдемесiн түсiредi. Мен расымды күлтелемей айтып отырмын: әкiмшiл-әмiршiл деп жүрген өлi системадағы погонды-погонсыз гүрзiқұмарлар бүгiнгi рухани дебилдердiң бұрынғы, 20–50 жж. мүсiнделген түрi; отыра-отыра, ойламай-ойламай, қақсай-кақсай алақан-өкшесiне дейiн түк пен мүк басып кеткен «акселераттары»... Қоғам, ең алдымен, тiрi организм. Сол қоғамды саясаттың өлi жемi деп санайтын, 10 ғасыр бойы туылған «Библия» мен 13 ғасырлық өмiрбаяны бар «Құранды» «Ғылыми коммунизмнiң» оқулығына алмайтын ел «күркiреген қырықыншы» меридианның алапатына ұрынбай қоймайды. Дүркiн-дүркiн ұрынады. – Ұрынбау үшiн не iстеу керек-тi? – Политологтан сұраңыз. Сауалыңызды сәл өзгертсе: не iстеу керек едi? Iшке түскен ауруды кезiнде көру керек едi, сынға — жын деп қарамау керек едi (сынға әлi солай қарайды, жобамда, қарай бередi); мүлдем жаңа бағыт ұстанғандарды ревизионист деп қыл шылбырмен бұғалықтамау керек едi; қозыға торай деп қарамау керек едi. Бiлесiз, бiз өзi дәл бұл жағына — футболдағы Гуллиттей — сұмдық мәстiрмiз, 68-дегi Прага трагедиясынан бiраз бұрын Сантьяго Карилльо деген кiсi шықты, Испания компартиясының генсегi. Конвергенцияны, интеграцияны, плюрализмдi негiзге алған бөлекше дерлiк теориясы бар едi — Еврокоммунизм. Бiз оны не қылдық? Оны бiз — маркстiк эстетиканың Дьерд Лукачтан кейiнгi аз қалған теоретиктерiнiң бiрi, танымы мейлiнше таза, бүкпей-бұқпай сөйлейтiн француз, коммунист Рожо Гародимен қосақтап — Сусловтың дончагына мiнiп алдық та шытыр жеген сиырдай қылдық. Не ұттық? Еврокоммунизм түгiл, Европада, осы жаңа, ақшам-құптанның әлетiнде түтiн түтетiп отырған социализмнiң өзiне зар боп қалдық. Ендiгi арман — «қандас» Болгария мен Рамиз Алияның Албаниясы аман қалса деген... – Мұның басты себебi, мүмкiн, адам — қоғам — мемлекет боп сатылайтын үштағанның iшкi қайшылығынан да шығар. Дәлiрегi: адам мен қоғамды мемлекеттiң тiзеге салуынан... – Бұл — әр елдiң қалыптасқан басқару дәстүрiнен, этникалық құрамынан, саяси философиясынан бас алатын болар. Баяғы, «әр елдiң заңы басқа...»-ға келедi. Бiрақ, бiр нәрсенi нық ескерген жөн: адам мен қауымның төтен бiр тұстарда тiзеге түспей қоймасы бар да (бiздегi Прибалтика, Закавказье, Америкадағы Панама), «Мемлекетiң — мен боламын» деп Людовикшiлеу тағы жоқ емес. Мысалы, пролетариат диктатурасының теориясы. Диктатура, қандай болмасын, диктатура, концепция санатында, жаратылысымен жараса алмайтын қисын. Қашаннан, қадым заманнан берi билiк түбi — зорлық болғанмен оны, зорлықты, тоқпан жiлiктiң сылқыма майындай ғып көрсетiп, жәудiретiп әкеп ойдағы заңның қолбасына салып алу өрелi қоғамның әрекет-харекеттерiнен емес. Бұл теория кезiнде нақты бiр ситуацияда, ситуацияларда, өзен-өзен қан арқылы, өзiн «ақтаған» да болар. Ал — қазiр? Қоғамның рухани мүмкiндiктерi, зердесiнiң кемерi, парасат температурасы жұмысшы табының санымен өлшене ме? Өткен жаздағы Польша, Венгрия, күздегi ГДР, күз бен қыс аралығындағы Чехословакия мен Болгария, қақаған декабрьдегi Румыниядағы әлеуметтiк магманың жаппай қозғалысына апарған — не? Пролетариат диктатурасының әсерi ме? Емес. Болса — керi әсерi. Пролетариаттың өзiнiң диктатурамен пар жегiлуден бас тартқаны. Ал, қатталып жатқан қалың магманың «асау Терек» боп бұрқанғаны, ол томағасы мен тұмылдырығын, кiсенi мен шiдерiн ондаған жылдар бойы тастай алмай келген студенттер қауымы мен интеллигенцияның жiгерi. Сан қуу, көп орайда, сан соқтыруға апарады. Зады бар ғой, сапаға айналмаған сан, жеме-жемге келгенде, сан болудан да қалады (Күледi). Осы өз сөзiм емес-ау деймiн. – Жауаптан қашқақтап отырсыз. – Иә, әлгi мемлекет... Кiм ол, не? Маркстiң, жаңылмасам, «Коммунистiк манифестке» дейiнгi Маркстiң бiр анықтамасы: «Государство есть посредник между человеком и его свободой». Қазiргi қазақ қауымының мұң-мұқтажынан шығар болса бұл анықтаманы екi ұдай нұсқада алуға болар едi: 1. Государство есть посредник между нацией и его свободой. 2. Государство есть адвокат нации перед прокурором власти. Нұсқамалғанның өзiнде салғаннан байқалатын бiр нәрсе: туа бiттi азат пен (азат — адамның шын аты) оның азаттығының арасында — кейде көлбеу, кейде шырқау — алшақтықтың барлығы. Бар болмаса араша елшi неме керек? Тағы бiр сұранып тұрған нәрсе: азаттықты биiк бақан басындағы жамбы деп таныса, мемлекет әкетай адамға иығын тосу керек. Ал, коллективтiк абсолютизммен, диктатурамен, тоталитаризммен, автократиямен, унитариямен, политбюрократиямен тыныстайтын мемлекет, дәл осы кезде кейде жеке адамға, кейде адамның космостық формасы ұлтқа қол ұшын берер кезде, алатайдай бүлiнiп ап, табан астынан өкiмет (власть) болады да, азаттықты азаматтан қорғап шыға келедi. Бұл өзi зорлықтың, зорлықшылдың ғана қолынан келер iрiлiк: арманды иесiнен, құлынды биесiнен қорғайды. Бұл ретте классикалық жүйе саналатын формула (власть законодательная — власть исполнительная — власть судебная) балықтың шоққа басқан торсылдағының кебiн киедi; заң шығаратын өкiметтiң (парламент) асатаяқ-скипетрi әскерi бар, басқасы бар онсыз да жұдырықтай жұмылып отырған үкiметтiң (правительство) қолына өтедi де, тағзым ғып қойған адам мен қоғам бел жазудан, бой түзеуден қалады. Сондықтан да екi түнек — жатыр түнек пен көр түнектiң ортасында шырылдап жүрген адамның бiрден-бiр қорғаны екенiн рахаттанып тұрып ұмытатын мемлекеттiң табиғи үйлесiмiн қамытаяқ балеринаның пластикасымен теңесе дұрыс. ...Сөз бар ма, өкiметке де қорған керек шығар, бiрақ өкiметтен қорған әсiресе керек. Әсiресе осы кезеңде әсiресе бiзге керек. «Қарусыз, қамсыз, әлсiз ел»-дiң (Аймауытов), атой салмай-ақ қойсын, бiрақ, қанды жасын тағы да бiр сығып-төгiп алғанын праволық болады-мыс дейтiн федерация бейәдептiк көрмес. Әй, осы қазаққа да милосердие, мейiрбандық керек деуi мүмкiн ғой. – Сiздiң творчествоңыздың күретiнi ме, көкөзегi ме (лейтмотивi) адамның еркiндiгiндей боп елес бередi. Философтардың күрмеуiнде: еркiндiк еркiндiктен басқа өнiм бермейдi. Сiз еркiндiк дегендi қалай ұғасыз? – Алдымен творчество дегенiңiз қаңтарыла тұрар. Бұл өзi өндiрiп жазғандарға, бүгiлiп-иiлiп жүрiп құрығанда бiр том тандамалы шығарғандарға, қайсыбiр өлi жазушы-тiрi лауреаттарға жарасады. Жазушының өмiрiн оқушы боп бастап, оқушы боп аяқтары рас болса, дауасы, оқушының окобында жатып алу. Оқушы бұл сауалыңызға не дер едi? Бiлмеймiн дер едi: арғы бет ар жағын айтпағанның өзiнде («Лунь юй»... Паскаль... Декарт... Спиноза... Гегель...) еркiндiк деген категорияны соңғы бiр жарым ғасырда жiгердiң (Шопенгауэр... Ницше), экзистенцияның (Кьеркегор... Ясперс... Бердяев... Хайдеггер... Сартр... Камю...) жасуынан өткiзгендердi танып алсақ та жеткiлiктi дер едi; олар аз болса өзiмiздiң академик Әбдiлдин бар дер едi; басы ашығы: азат боп туған екенмiн, азат боп өлгiм келерi дер едi. Оқушының қателiгi де осында — табиғи правосын ұлттық-әлеуметтiк право деп ұғуы. Соңғы правоны кез келген қоғам қамтамасыз ете алмайды. Бiздiң қоғам, бармақты қанша шайнағанмен, сол ете алмайтындарға кейде бiр, көбiнде екi иығын бiрдей берiп тұрады. Қоғам — әке, адам — бала болғанда, әке, төрт қабақ құрақ көрпешенiң үстiнде тек алу үшiн малдас құрмайтын шығар. Ал, бiздiң әкетай сонау бастау-базисiнде, құнжиған қондырмасында берешек емес алашақ. Бер, дейдi. Азаттық пен еркiндiк, ол, ысырмалы пернедей, түбi орнына келедi, ал әл-әзiрге бер! бер! бер! дейдi. Бүйте берсе, «...Тарпаңдай құла түздегi тiзесiн бүгiп от жеген тағы сынды жан едiк, тағы да келдiк тар жерге. Таңдансаң тағы болар ма тәңiрi салған бұл iске?! Ата-ененi сөктiрiп, ат басына соқтырып, нәлет десе болмас па осынау жүрген жүрiске!» (Махамбет) деген адамның қарақан басы түгiл оның үй-орманы, халқы мен қамбасы, бүгiнi түгiл ертеңiнiң өзi ана ауылға — қара ауыл-құрдымға кетуi мүмкiн. Бүйте берсе қара қасқа Қазақстан, картада ғана тандыр боп қалған Аралының — мәмесiнiң кебiн киюi мүмкiн. Зады, «көк кiлем, көк кiлемде көп ойнаймын көп күлем»-нiң ырғағымен тақ-тұқ тақпаққа салса: ел азат болмай ер азат емес. Бұған назар қыдыртпасқа болмасы: адамның бостандығы мен ұлт бостандығы айдың екi бетi — бiрiнсiз бiрi жоқ. Бiз тек бергi бетiн, көзге ұрарын, жанар қабарын ғана айтамыз: көн етiк киген көп пен жалпыны емес, көк етiк киген жалқыны айтамыз; ел басқаруды ел үстiнде шалқу деп түсiнетiн алкеуде-кейқуат, пайдакүнем-атқамiнерлердi айтамыз (Жаяудың кiм екенi атқа бұт артқанда танылады). ... Отарды, әрине, серке бастайды. Бiрақ, айылдың бостау кезiндегi, бостаңдау замандағы серке басқа да, елi мен жұртын кейде қауiп, кейде қатерлер тосқан замандағы серке басқа. Бұл ретте Н. Ә. Назарбаевтың соңғы екi жылда көрсетiп жүрген қайраты қатты тұшындырады. – «Жаңғыз шапқан ат жүйрiк...» – Емес. Керiсiнше, жүйрiктiң жаңғыз шапқаны – жапа шеккенi. Республиканың iшiнде айтып жүргенi бiр төбе. Назарбаев, былтыр мен биылдың бедерiнде, Мәскеудiң деңгейiндегi үш бiрдей съезд, екi бiрдей сессия, үш бiрдей пленумда («Огонек», «Известия», «Советская Россиядағы» басылымдары өз алдына) сөйледi; Қазақстандай қағанатқа бергiсiз өлкенiң бар байлығы мен барлығының қандай таражға түсiп отырғанын таразылады; қаймақ түгiл қаспақтың өзiнiң аз қаларын саралады. Ол сөйлегендегi аудиторияның кескiн-келбетi, рай-реңкi есiмiзде. Құдды қаралы хабар естiген адамның түрi. Құдды қарашаның аспаны. «Алғанбыз, алып жатырмыз, аламыз, ала бермекпiз, қағанат болсаң қайтейiк, қалғаны саған қанағат» дейтiндердiң ұсқыны. Кәмелетке кемiнде мың жыл бұрын жеткен елдiң тiзгiн ұстары шырқырамақ түгiл шыңғырса да, өңiн берер олар жоқ. Бұл, партиялық жүйедегi 87 жасар демократиялық централизмнiң экономикаға, әлдеқашаннан шор боп бiтiп, берiш боп қатқан түрi — кепiлдiк беруден, демократия атаулыдан жұрдай экономикалық централизм. Империялық монополизм десең де түк өзгермейдi. Сұрау туады: депутаттардың корпусы қайда? Обкомның он жетi бiрдей секретары қайда? Экономикалық «интернационализмнен» туындайтын дойыр идеологияға үйездей бермей, экономиканың, «суверендi» республиканың мүддесiнен бел алар прагматикасын жарау аттай жалтылдатып мiнерлер қайда? Жоқ. Қазақстанның депутаттық корпусын бiрi Қиыр Шығыстағы Е. Гаэр, бiрi Қиыр Батыстағы К. Прунскене, бiрi Орта Азиядағы Р. Абдуллаева — үш келiншек-ақ сiлкiп-сiлкiп ала ма деген күдiк шоршиды. Дәлелiн, дерегiн, дәйегiн қосып ап таймай қарап, тiлiп айтарға жұтаңдық, бұл, дефицит қатшылықтың iшiндегi орны толмасы... Жазаңдағы, жанардың жауын алар көрiк — ши. Сынапты басып кетер салмақты пiкiр де сол. Алайда — Жидебайдағы азғананы айтпасаң — Қазақстаннан шидiң қашқанына қанша өттi? «Ақтабан шұбырынды – алқабел сұлама» — 1951ж. Аралығындағы, бейне Американың индеецтерiндей-ақ, өз байлығы өзiне сор боп тиген, өз шәрбәтi өзiне у боп сiңген қайран қазақ боп орылып кеттi; түйе құмырсқаның илеуi боп томпиып орны қалды — өспей қалды. Әулет сияқты, фауна мен флора да қанқазына-генофондын шашып алса, мүшкiл хал кешедi. Ал, сiз кеп, өңде көрген түгiл түске кiрудi қойған еркiндiктi айтасыз... – Айтатыным... — әлеуметтiк-психологиялық аспектiде кез келген өкiметтiң, демек, үстемдiктiң ұстыны мен «бақ-бақыты» — ең алдымен, адамдардың өздерiнiң-ақ өз билiк-еркiндiгiнен айырылуға «ынтызар» боп тұруында деп ұғам. Бұл феномен құпиясы, менiңше, қазiргi әдебиетте дана Искандердiң (Фазиль) «Қояндар мен әбжыландар» атты философиялық ертегiсiнде мейлiнше зерттелгендей. Тәуелдiлiк — түп атасы құдықтың үш түр-қырының (қара күшке тәуелдiлiк, бюрократияға тәуелдiлiк, рухани тәуелдiлiк) ең сорақысы — рухани тәуелдiлiк екенiне сөз жоқ. Ал, еркiндiктiң, ең құрығанда түске кiруi, әсiресе, интеллигенцияның, сiздiң метафораға салса, елдiң айтөбелi, не, айқасқасының — тәуелдiлiкке, рухани құлдыққа, ойсыздыққа оң иығын берiп тұрмауына тiкелей байланысты шығар. Ендiгi сауалдың орайы: қазақ интеллигенциясы туралы не айтуға болар едi? – Интеллигенцияның атрибуттарын көзiнен тiзiп отыруға уақыт кем; бұл таңды таңға ұрып созылатын абайдиалогтардың еншiсi. Оңайлатып келтесiнен, желкесiнен қайырса, интеллигенция, ол, жiгерге өрiлген этика — ой-сана. (Қарындас болғанмен ой басқа, сана басқа, ал сананың соры, тереңдер бiледi, — жаңғыздық). 30-жылдарға дейiнгi қазақ жұрты бұл үшеуiне асып төгiлмей-ақ қойсын, кенде де болған емес. Ақыны — батыр, батыры – ақын болған халықтар да iлуде бiреу. Қазақ, кейде, екеуiн де тас шеңгелмен қатар-қабат ұстаған (бұл бiрегейлiктiң соңғы — соңғы ма, ақырғы ма? — көрiнiсi Баукең, Бауыржан Момышұлы). Ал отыздан кейiнгi алпыс жылда осы үш баптың бiрiншiсi — жiгерi, бар жiгерiн жансауғаға, матблага мен мансапқа жұмсап әбiлет басып қалса қайт дейсiз?; этика — жағымпаздыққа, ой-тезис жаттауға айналса қай жаратқанға жалбарын дейсiз? (қырғын қызық: Гегельде ғой: тезис — антитезис — синтез; бiзде антитезис атымен жоқ, бiрақ синтез шыға бередi). Дей тұрғанда, бүгiнгi қазақ интеллигенциясының жасырынғандай боп жүрiп жасағанын-жазғанын, жинағанын-тергенiн, әлеуметтiк жанарындағы шелдiң жұқарып келе жатқанын көрмеу әбестiк болар едi. Соның өзiнде — дүмшелеу болғанмен iшiнде мен де жоқ емес шығармын — оған, интеллигенцияға алдымен нарзалық айтылады; туа бiттi миссиясын ұмытқаны айтылады; системаның әрi серiгi, әрi сестi оппонентi емес қолжаулығы болғаны, болып жүргенi айтылады; балалайқалық наигрышқа әзерден жарарлардың скрипка мен симфониялық оркестрге концерт жазар менмен кердеңдiгi — амбициясы айтылады; Абай контекстiндегi партиягершiлiкке (бүгiнгi аранжировкасы: регион — облыс — жүз — ру — ата — бөле-мөле — жиен-миен — бықи-тықи... болады — рухани лейкемия) аянбай бой алдырғаны айтылады; керiсiнше, жершiл демесiн деп ойлы жiгiттердiң обалына қаларлар айтылады; ұлттық сананың өзiндiгiн кемерлеуге тiсi батпас болған соң дәдәм Гегельдiң көп диiрменнен өткен концепцияларының қайсыбiрiне кейде комментарий; кейде һәшия жазып м ә к т ә б көтермек болған «фәлсәфистер» айтылады. Дәл осыны қадап айтқан жөн, себебi, отаршылдықтың тепкiсiн ғасырлар бойы үзбей көрiп қатты мертiккен ұлттық қазынаны — баба мирас боп қалған Қаратау — Ұлытау, Алатау — Арқа, Атырау — Алтай, Мойынқұм — Қызылқұм боп келетiн, сағат-уақыттың үш бiрдей белдеуiн оранған жерiң мен көгiңдi, суың мен нуыңды (су атаулы әл үстiнде, ал, ну қалды ма?) иелену де, иемдену де мүмкiн емес; бүйтпейiнше, қадап кеткен кетпен сапты көгертер Алтайға жеңсiк асындай қарайтын депутат Васильева бүктелiп берген сәлемiңдi де алмайды. Ал, Қарағанды–Ақмола –Кереку–Қызылжар–К о к четавтағы Васильевалар ше? – Мұның бәрi... – ...мұның бәрi сол — момын елдiң көнбiс интеллигенциясының тамыр мұрат-түп мақсатын ұмытқаны, не, ұмытарман болғаны. Екi ғасырдың жүзi молынан өттi – бiз өзi ұранның, бұйрық боп жеткен ұранның этносы боп алдық; алып келдiң, барып келдiң этносы боп алдық; болыс болған Күлембай сияқты сонымызды және мақтан тұтар боп алдық. Туасы, өзi жұмсап үйренбеген өзiнiң жұмсалғанын өнер деп ұғады; майысқақ Қаратай болса бiр жөн, жорға Жұмабайшылап, тiзгiн тiлеп құлдырағанды бақ деп, бақыт деп ұғады. Интеллигенция халықтың белiнен тамған задасы болса, ол да әрине бел-бесiк, тас-тұғыр, жаялық-жайлауынан әлденебiр болымсыз «нақ-нақ»-тарды алмай тұра алмайды. Алайда, алу бар да, сол шеңбердiң шiдерiнде қалып қою бар. Хас интеллигент — үзедi. Көсеулiгiн тастап көсемдiкке барады. Бұл ретте — қазақтың жаңа тарихынан — ойға кiм, кiмдер оралар едi? Шоқан — Абай, Ильминскиийлердiң жетегiнде кеткенмен Ыбырай Алтынсарин оралар едi; сонсоң 10—20 жж. бұрқ ете қалған «бiр жеңнен қол, бiр жағадан басты» ұстанған, ана аймақ-мына аймақтың емес бүткiл ұлттың зарымен тыныстаған, әрқайсысы Академияның бiр-бiр институтына тұрарлақ к ө к с е р е к топ — Әлихан Бөкейханов, қос Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Н. Төреқұлов, Ә. Ермековтер, әредiк-әредiк түсiңе кiрiп аян берiп жүрердей қайран Ақаң, Ахмет Байтұрсыновтың шарасы жоқ, амалы кем азғана айналасы, Мағжан мен Тұрар-аға Рысқұлов оралар едi. Бұл кiсiлер а т т а н ы п кеткен соң қазақ қауымы гуманитарияның тақырына отырып қалған жоқ па? Аллаға шүкiршiлiк, оққағалары бар екен, әйтпеген күнде «продразверсткаға» Мұқаң — Әуезов пен Ғабең — Мүсiрепов iлiнiп кеткенде не болмақ едi? Кейiнiрек, идеологияның экзекуциясына әбден түскен соң өзiнiң оң жазғанын өзi т е р i с көшiрiп Е. Бекмаханов, одан да кейiнiрек С. Зиманов, Н. Галузолар шықты. Iшiнде Қаныш Сәтбаев, Iлекең — Омаров бар қадау-қадау осындай тұлғалар болмаса, қазақтың өзегi қашып, өрiмi тарқатылған қамшысын кiм көтермек едi?; бұғана топшысынан шорт сынған қанат-қаламына кiм оташылық жасап, қазы сылауға салмақ едi? Партия институтының директоры Төлепбаев, Толыбеков, Кiшiбековтер ме?.. (Фамилия мен цитата көбейгенде көзiңе, қиқым түскендей болады, оған кешiрiм сұрайын, бiрақ – құрдас-құрбылар мен қарындас-iнiлерге өзiмсiнiп ат басын тiремей-ақ қойсақ – Қасым-Тәкен, Мұқағали-Жұмекен-Құлмат, Рабиға апай Сыздықова мен Қайым Мұхаметханов, X. Ерғалиев, Т. Ахтанов («Ант» – классика), Ә. Нұрпейiсов, Қ. Шаңғытбаев, Ш. Мұртазаев, О. Сүлейменов, Ә. Әлiмжанов, З. Қабдолов, С. Балмұханов, М. Мырзахметовтi, олардың буынындағы ой таразысы тазаларды көрмеу «түйенi де көрмеу». Бетбағы замананың Ертiс сынды мұзқаракөк ағынын Абылай — Әбiлқайыр боп, Рысқұлов — Қонаев боп аңлау басқа да, бетон киген сайменен бұрған жағыңа қарай сымпыңдап сырғи беретiн Медеудiң суындай саяси а ғ ы м м е н құйрық-бауыр жесiсу бiр басқа. Құйрық-бауыр қылғытуға келгенде қазақтың грамоталы Һәм ордендi «зиялысының» денi «қара тақтаға жазылмайық» сықпытты ұрандар дәуiрлегеннен берi алдына жан салған емес, әудебiр кампаниялардан қалып қойса, ыра шауып, сiңiрiмен қамшыланып, өз терiсiнен өзi шығып кетердей ытырынып, қуып жетiп қара үзiп кетiп, ылғиында Голощекин... Исаев... Скворцов... Шаяхметов... Беляев... Юсуповтардың қолтығынан табылып отырған. Соғысқа дейiнгiсi белгiлi боп қалды, ал соғыстан кейiнгiсi? 1946 ж.,—»Звезда», «Ленинград»... 48 — Тито, 49 — космополиттер... 51 — байшыл-феодалшылдар... 56 — Венгрия... 60—70 ж.ж., — Дудинцев, Пастернак, Солженицын... 65 — «Жұлдыз»... 68 — Чехословакия; 80 — Шостакович... 86 — Алматы... Қайсыбiрiн тiзесiз? Көрiнеу қараулықтан бас алған осынау науқандарда қазақ оқығанының оза шаппаған, салым салмаған кезi кем де кем. Бiреудiң ерi, бiреудiң ары, бiреудiң жерi, бiреудiң құлыны мен жұлыны (69-да январьда, Прагада өзiне өрт қойған студент Ян Палахты да, дек. 86 үшiн «еркек тоқты құрбандық боп» қыршынынан қиылған боздақ, тағы да студент Қайрат Рысқұлбековтi де есiмiзден тарс шығардық) нақақтан тапталып жатқанда бiздiң сал-серiлер қалыс қалуды да бiлмедi ғой (Зорлық шабығанда қалыс қалу да күнә). Апыр-ай, дейсiң. Апыр-ай, осындай тiзесiн кемiрiп бүктелгендi, бұлшығы бiлеуленiп белсенгендi, белдiлiктi, жең сыбанғанды өз жұртының қамына неғып арнамаған? Әсiресе тыңның тұсында — миграция м ы ң ғ ы р ғ а н д а, Бостандық-Мырзашөл «интернационалдық» құдалықпен малға маталған қыз боп сырнайлатып-кернейлетiп «ұзатылып» бара жатқанда қайда қалған? Қайда қалған деймiн, өз қызымыздың беташарын өзiмiз айтып келмедiк пе? Тың көтеру, бұл, ұзақ, ұзағынан ойластырылған шара (Столыпин. 1910 ...Хрущев). Ол тек астық үшiн болды дегенге менiң әлi көзiм жетпейдi. Сонсоң: мың жасамаған ел жоқ. Сонсоң: қазақты дихан емес кiм айтыпты? Сондай ел өз жерiнiң жайы мен бабын бiлмейтiн көрсоқыр ма? Егер жерiне еккен, жаяр жерiне жайған. Ендi кеп Аргентина мен Австралияның жайылымдарымен таласатын 30 миллион гектардың құмы шықты. Қолы кесiк мерген, тiлi кесiк шешен боп қалды. Тыңның қазiргi аты — дотация. Тағы бiр аты — масыл. «Жығылған үстiне жұдырық» — Арал аз болса, ендi Арқаның опат болғанына дауыс саламыз. Аралға орай бiрақ орам. Бәрi дұрыс. Фонд ашылғаны да, шырқырап сөйлеу де. Бiрақ қатты қансырап әл үстiнде жатқан адамға валюта болса да